Жезқазғанда өткен еңбек жәрмеңкесі жүзден астам бос орын ұсынды

Жезқазғанда өткен еңбек жәрмеңкесіне 20-ға жуық мекеме қатысып, 100-ден астам  бос жұмыс орнын ұсынды.

Тоқсан сайын өтетін дәстүрлі шараға бұл жолы негізінен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар мен алимент бойынша берешегі бар борышкерлер шақырылды. Мансап орталығының мамандары оларға еңбек нарығы бойынша кеңес берді. Бүгінде Жезқазғанда 300-ден астам бос жұмыс орыны бар. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер мен педагогтар жетіспейді. Мамандар көктемде жол құрылысы маусымы басталғанда қарапайым жұмысшыларға да сұраныс артады дейді. 

Ақжан Алтынбек, мансап орталығының директоры:

-Бізде қазір экономист тапшы, IT мамандар қазіргі уақытта өте көп тапшы болып отыр. Бос мемлекеттік қызметте қазіргі уақытта жұмыстар да тапшы. Өздеріне тұрақты ұнаған вакансиялар бойынша қарап жатыр. Қазіргі уақытта 5-6 адам уже жұмысқа жолдама алды.