Жаңа Конституция жобасы тың идеяларға мүмкіндік береді
Солтүстік Қазақстан облысында 31 ғылыми жоба жүзеге асырылады.
Тың идеяларға 3 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді. Бұл туралы ғылыми кеңес отырысында айтылды. Жиынға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, кәсіпкерлер мен атқарушы билік өкілдері қатысты. Шара барысында Конституция реформасының білім, ғылым және ииновацияға қатысты нормалары талқыланып, өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру тетіктері сараланды. Сала мамандарының айтуынша, Ата заңның жаңадан ұсынылған жобасы – тың жобалалардың жарыққа шығуына мол мүмкіндік береді.
Фариза Мұқанова, агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі:
- Конституцияның жаңа жобасында білім, ғылыми, инновация деген үлкен бөлік бар. Ол әсіресе біз сияқты жастар үшін, ғылыми бағытта жұмыс жасап жатқан жастар үшін өте үлкен бағыт. Студенттер мен магистранттар, жас ғалымдар әрі түрлі бағытта ғылыми жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.