Жаңа Конституция саяси және тарихи жаңғырудың кепілі

Қазақстандағы конституциялық реформалар тарихи мұраны жаңғыртып, мемлекеттік басқаруды заман талабына сай жетілдіруді көздейді.

Түркия Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Күршад Зорлу елдегі конституциялық өзгерістерді демократияны дамытуға бағытталған кезеңдік үдеріс деп бағалады. Оның пікірінше, Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен шетелдік инвестиция тарту көрсеткіштері де саяси реформаның маңызын аңғартады. Түркия саясаткері қазақ елі халықаралық деңгейідегі ықпалды мемлекет ретінде дами беретініне сенім білдірді.

Күршад Зорлу, Түркия Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары:

- Қазақстан 1995 жылдан бері түрлі кезеңде реформалар жүргізіп келеді. Әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұсында маңызды өзгерістер қолға алынды. Қос палаталы Парламенттен бір палаталы жүйеге көшу және оны "Құрылтай" деп атау – тарихи мұраны заманауи жаңғырумен ұштастыратын шешім. Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемінің 200 млрд доллардан асуы да елдің дамуындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.

Сондай-ақ оқыңыз: