Елде су қоймалары 71 пайызға толды
Бұл туралы «Қазсушар» мекемесі хабарлады. Бұл кәсіпорын 82 су қоймасына иелік етеді.
Бұларда 15 млрд текше метрге жуық тіршілік нәрін жинауға болады. Қазір асқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр. Оңтүстік өңірлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Әзірге қауіп жоқ. Айта кетерлігі, гидронысандар салу жұмысы биыл да жалғасады. Жауапты министрліктің мәліметіне қарағанда, 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасы қолданысқа беріледі. Қазірдің өзінде Түркістан облысында дәл осындай 2 нысан салынып жатыр.
Айбар Тынысбеков, «Қазсушар» РМК департамент директоры:
- Егер қардың көп болуы болса, не болмаса судың күрт еріп, ауа-райы жылынып кететіндей жағдай болса, біз қазірден бастап су жинауды реттеуіміз керек болады. Қазірден бастап суды ағызып тастауымыз керек болады немесе суды қайтадан жинауымыз қажет. Ол «Қазгидрометтің» болжамына байланысты. Осы наурыз айының бірінші жартысында мәліметтерді жаңалау жоспарланып отыр.