СҚО-да Сергеев су қоймасы кемеріне келді
Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенін реттейтін «Сергеев» су қоймасы кемеріне келіп толған.
Ал өңірде алқапты әлі қар алып жатыр. Хабарға қарағанда, қойманың өзінен қазір алдын ала су ағызыла бастаған. Биыл гидротехникалық нысан 2 млрд. текше метр су келуі мүмкін деген ақпар бар. Көктемгі тасқынға дайындық барысында су қоймасының жағалауы нығайтылған. Күндіз-түн күзет тұр.