Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30 ғылыми жобада заңсыздықты анықтады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құны 11 млрд теңгеден асатын 30 ғылыми жобада заң бұзушылықты анықтады.

Тексеру нәтижесінде 13 мың сарапшының шамамен 75%-ы жұмысқа қатыспаған. Отандық сарапшы мамандарға шетелдіктерге қарағанда аз жалақы төленген. Мәселен, шетелдік сарапшы шамамен 400 мың теңге алса, ал отандық мамандар - орта есеппен 8,5 мың теңгені қанағат тұтқан. Тексеруден соң, сарапшы қызметінің құнын есептеу бойынша жаңа әдістеме бекітілді. Енді еңбекақы төлеуге бірыңғай тәсіл енгізіледі. Сондай-ақ ғылыми этиканы бұзған немесе тиісті нәтижелерді орындамаған сарапшылар мен жоба жетекшілерінің тізімі жасалды. Бұл тізімдегілерге конкурстарға қатысуға уақытша шектеу қойылды. Ғылыми жобаларды іске асыру және қаражатты жұмсау туралы ақпарат ресми сайттарда ашық жарияланады. Орта білім беру мекемелерінде де тексеріс жүрді. Ревизия 3 мыңға жуық мектепте оқушыларды жалған есепке алғанын анықтады. Бүгінде осы мектептерге цифрлық бақылау жүйелері енгізілді.

Талдау ғылыми жобаларды таңдау және іске асыру кезінде анықталған  олқылықтар  

•        13,5 мың сарапшы

•        іс жүзінде жұмысқа қатыспағаны  - 75%

•        30 зерттеу бойынша объективтілік принциптері бұзылған

Сараптау қорытындысы

•        100-ден астам ұсыныс енгізілді