Құтқарушылардың дайындығы пысықталды
Қызылордада «Көктем-2026» оқу-жаттығуы өтті. Оған Төтенше жағдайлар қызметі мен барлық жауапты құрылымдар қатысты.
Құтқарушылардың су тасқыны кезіндегі іс-қимылы пысықталды. Алдымен арнайы техникалардың дайындығы тексерілді. Одан кейін Сырдария өзенінің бөгеті бұзылған жағдайда атқарылатын құтқару жұмыстары көрсетілді. Жедел штаб құрылып, тұрғындар эвакуацияланды. Қабылдау пункттерінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Асылхан Мейрамбеков, ТЖД басқармасының бас инженері:
- Оқу-жаттығумен бірге және де қала төңірегінде арықтар мен каналдарды тазалау және дамбыларды бөгеу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығуға барлығы 381 техника және 1085 адам қатыстырылуда.