Бүгін – Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күні

Атаулы күнге орай елордада мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі мен маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар бұл ұйымдардың маңызды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда мемлекетке сенімді серіктес болып отырғанын атап өтті. Бүгінде елде 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олар 10 мыңнан астам жобаны жүзеге асырып келеді. Ал азаматтық секторда 100 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді.

Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі, президент жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі:

- Жалпы мына әділетті Қазақстан құрамыз деп жатырмыз ғой, ол үшін азаматтық қоғам құруымыз қажет. Ал оны құру үшін осындай мемлекеттік емес үкіметтік емес ұйымдардың рөлі күшті. Олардың біздің әлеуметтік мәселелерімізді шешуге, ғылыммен білімді дамытуға, әлеуметтік осал топтарға көмектесуге, экологиялық мәселелерді шешуге осындай біздің үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі өте қатты бүгін осы әлемтік үкіметтік емес ұйымдар күні ғой бұл – билік пен қоғам арасындағы алтын көпірлер.