30 мың мемлекеттік қызметші ЖИ меңгереді
Елде былтыр 52 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект бойынша оқытылды. Ал биыл 30 мыңға тарта адам білімін жетілдіреді.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Дархан Жазықбай мәліметінше, өткен жылы президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу кезеңі өткізілді. Нәтижесінде резерв 6 бағыт бойынша 50 салалық білікті маманмен толықты. Жобаға қызығушылық та артып келеді. Мәселен 2019 жылы қатысуға 13 мың азамат өтінім білдірсе, былтыр бұл көрсеткіш 32 мыңға жеткен.