Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды 

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы талқыланған 300-ден астам жиын өтті. 

Ата Заңдағы өзгерістерді түсіндіруге арналған басқосулардың ауқымдысы Талдықорғанда ұйымдастырылды. Оған зиялы қауым өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары, жастар, саяси партиялар мен қоғам белсенділері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ғалымдар қатысты. Көпшілік алдында баяндама жасағандар мемлекеттік құжатқа енгізілгелі отырған толықтыруларға тоқталды. Жаңа Ата Заңның адам құқықтары мен бостандықтарын нығайту, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды. 

Бейбіт Исабаев, облыс әкімі:

- Заң алдындағы теңдік, әділ сот төрелігі адамдардың құқықтары мен әлеуметтік құқықтарының қағаз жүзіндегі ұран емес, мемлекеттік саясаттың аса өзекті мәселелерінің бірі ретінде үлкен маңыз беріліп отыр. 

Екатерина Подгорнова, Жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Жаңа конституцияны қабылдау ерекше маңызды және шешуші мәнге ие. Себебі бұл Конституция біздің бүгінгі күніміз ғана емес келешек ұрпаққа арналған құжат болып табылады. Сол үшін 15 наурыз күні барша қазақ елін маңызды әрі шешуші қадам жасауға шақырамыз.