Ирандағы қазақстандықтарға ескерту жасалды

Қазақстан ел азаматтарына Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынды. 

Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды ұсынып, жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындау керегін ескертті. Сонымен қатар Таяу Шығыс елдеріне сапарлар алдында аймақтағы жағдайды ескеріп, жауапты болуға шақырды. Қазір Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қосымша әрі жедел ақпарат алу байланыс желілері ашылды. Қиындық туындаған жағдайда азаматтар экранда көрсетілген телефон нөмірлерге хабарласа алады.