Экологиялық бағыт қоғамдық санада құндылық деңгейіне көтеріледі
Жаңа Конституция жобасында экологиялық мәдениетті жоғарылату мәселесіне ерекше назар аударылған. Сарапшылар осылай деп отыр.
Жаңа Ата Заң жобасы – уақыт талабына сай жаңарған қоғамның құндылықтары мен басымдықтарын айқындай түседі. Құжатта табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – мемлекетіміздің ең маңызды қағидаттарының бірі ретінде айқын жазылған. Сондай-ақ азаматтардың табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапты қарауға міндетті екені нақтыланған.
Елдос Абақанов, ҚР Экология министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Жекеменшікпен қолданғанда міндетті түрде экологиялық талаптарды сақтау бойынша талаптар бектіліп, әрине ең бірде бір жаңашылдық мәселе ол әр азаматтың қоршаған ортаға табиғатқа деген жауапкершілікпен қарау мәселесі. Бұл нормалар экологиялық мәдениетті дамытуға одан әрі кеңейтуге өзінің оң әсерін береді деп ойлаймын. Себебі соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау мәселесі азаматтар арасында көп талқыланып жатқан сұрақтардың бірі.