Мұнай қымбаттауы мүмкін
Ормуз бұғазындағы кідіріс жалғаса берсе, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 100 доллардан асуы мүмкін. Сала сарапшыларының болжамы осындай.
Бұдан бұрын баға 13 пайызға жоғарылап, шамамен 82 долларға жеткен болатын. Бұл кейінгі 4 жылдағы ең жоғары өсім. Ормуз бұғазындағы танкерлердің қозғалысы демалыс күндері тоқтады. Қара алтын нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты ОПЕК плюсқа мүше 8 мемлекет, оның ішінде Қазақстан тәулігіне 206 мың баррель мұнай өндіру жөнінде келісті. Бүгінде Каспий құбыры кон-сорциумына барлық отандық мұнай экспортының 80 пайыз үлесі тиесілі.
Бахтияр Настагимов, Мұнай-газ саласының сарапшысы:
- Егер соғыс созылса, негізгі мұнай-газ кен орындарына шабуыл жасалуы мүмкін. Бұған дейін Сауд Арабиясы мен Катардағы зауыттарға да шабуылдар жасалған. Сондықтан біз барреліне 100 доллардан асатын бағаны көруіміз ықтимал. ОПЕК тарапынан қандай да бір шектеулер көмектеспейді. Біздің бюджет үшін мұнай бағасының барреліне 100 доллардан жоғары болуы әрине тиімді. Баға әскери іс-қимыл тоқтағанда ғана тұрақталуы мүмкін. Сонымен қатар келіссөздер үстеліне отырып, Ормуз бұғазы кез келген танкерлердің еркін қозғалысы үшін ашық деп жарияланған кезде ғана жағдай қалыпқа келеді.