Үш жылда жол салуға ₸4,6 трлн жұмсалады. Live

Елде алдағы үш жылда өңірлік жолдардың сапасы айтарлықтай жақсара түседі.

Биылдың өзінде жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін қамти отырып, шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолын салу жоспарланған. Алдағы ауқымды істің жүзеге асырылу барысы Үкімет отырысында пысықталып жатыр.

2026 жылы бұл жұмыс жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін қамти отырып, шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолында жүзеге асырылатын болады. Жалпы көлемнің 2,3 мың шақырымы құрылыс және реконструкциялау жұмыстарына, 5 мың шақырымы күрделі және орташа жөндеуге, ал тағы 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобаларына бағытталады.