Елде 3,25 мың шақырым болатын ауқымды жобалар іске аспақ. Live
Елімізде алдағы үш жыл ішінде автожол салуға 4,6 трлн теңге бағытталады. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын ауқымды жобалар іске аспақ.
Межелі міндеттің тағы бірі - өңірлік жолдардың жайын жақсарту. Бұл бағыттағы шаруа да ширайды. 2029 жылға дейін аймақтардағы жолдардың нормативтік деңгейін 95%-ға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жұмыстардың жай-жапсары Үкімет отырысында пысықталды.