Жастар Конституция жобасына қолдау білдірді

Сәтбаев қаласында жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған өңірлік жастар форумы өтті. 

Оған өндірісте тер төгіп жүрген еңбекші жастар мен еріктілерден 500-ден астам делегат қатысты.  Ұйымдастырушылар шараның мақсаты – Ата заңның жаңа жобасын түсіндіру және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру дейді. Форум спикерлері конституцияның жаңа жобасындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы референдумның маңыздылығын  айтты. Ал жастар өз кезегінде сұрақ-жауап түрінде өткен пікір алмасуға белсенді қатысып, ел болашағына атүсті қарамайтындарын көрсетті. 

Луиза Мыңбаева, Жастар ұйымының төрағасы:

- Негізі осындай форумдар керек. Өйткені қазіргі таңда белсенділік танытып, сұрақ қойып, жауап алу халыққа қажет. Қаншама ақпарат алып жатырмыз. Менің ұстанымым,  15-наурыз күні баршамыз референдумға қатысып, өз даусымызды беру. Ол біздің азаматтық борышымыз деп білемін.