Қазақстанға Таяу Шығыстан алғашқы жолаушылар жеткізілді

Таяу Шығыстағы отандастарымыз елге оралды.

Бүгін Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс қонды. Жалпы 306 жолаушы келді. Бұл жайлы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған бағытта Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жақын уақытта Медина және Жидда қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастыру жоспарланып отыр.