АҚШ соғыс кемесі Таяу Шығысқа келді
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің үшінші соғыс кемесі «Теодор Рузвельт» Таяу Шығысқа келді. Axios басылымының хабарлауынша, соққы беруші топ Иранның оңтүстік-шығысындағы Араб теңізінде орналасқан. Оның құрамына зымырандық крейсер, екі эсминец, сондай-ақ радиоэлектрондық барлауға арналған орташа ұшқышсыз кеме кіреді.
Сонымен қатар аймаққа қосымша әскери кемелер мен теңіз жаяу әскер бөлімшелері жіберілді. Басылымның жазуынша, АҚШ аймаққа бұрын-соңды болмаған көп әскери кеме жинап жатыр.
Айта кетейік, бұл акваторияда қазірдің өзінде «Джордж Буш» және «Джордж Вашингтон» атты 2 соғыс кемесі бар.