Көкшетауда жаңа ЖЭО іске қосылады

Көкшетауда 2029 жылы жаңа жылу электр орталығы іске қосылады.

Нәтижесінде 195 мыңнан астам тұрғын жылу және ыстық сумен қамтылады. Ақмола облысына жұмыс сапарында Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс алаңын аралап, жобаның техникалық параметрлерімен танысты. Электр станциясын салуға 227 гектар жер телімі бөлінген. Күл-қож қалдықтарын жинайтын алаңға қосымша 130 гектар жер қарастырылған. Кешеннің жобалық электр қуаты шамамен 240 мегаватт, ал жылу қуаты сағатына 520 гигакалория. Бұдан бөлек өңір қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша қазандықтар орнату арқылы жылу қуатын сағатына 300 гигакалорияға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қазір нысанда бастапқы жұмыстар аяқталған. Күштік трансформатор орнатылып, уақытша жолдар мен құрылыс штабы салынды. Келесі айдан бастап жоба белсенді құрылыс кезеңіне өтеді. Жұмысқа шамамен 2,5 мың адам тартылды. Станция салынып біткен соң 400-ге жуық жұмыс орны ашылады. Жобада экологиялық талаптарға да ерекше мән берілген. Кешенде "таза көмір" технологиясы енгізіліп, түтін газын кешенді тазарту жүйесі орнатылады. 195 мыңнан астам тұрғын жылу және ыстық сумен қамтылады. Премьер-министр жауапты министрліктерге, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ұйымдарға жұмысты белгіленген мерзімде кідіріссіз жүзеге асыруды тапсырды.