Елімізде алғашқы цифрлық мұражай жұмысын бастады

Тың жоба Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишимка ауылында жүзеге асырылып отыр. Интерактивті кеңістікте аудан тарихы заманауи үлгіде таныстырылады.

Креативті IT-орталық – «Digital Zerde» базасында қолданысқа енгізіліп отыр. Бастама аймақтағы мәдени нысандардың әлеуетін арттырып, қашықтыққа қарамастан құнды жәдігерлерді қолжетімді етуге мүмкіндік жасамақ. Айта кетсек, қазіргі таңда облыста креативті индустрияны дамыту жөнінде «Digital Aimaq» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол бойынша 11 заманауи IT орталық жұмысын бастаған. Оның сегізі аудан орталығында, қалғаны ауылдарда. 

Руслан Әлішев, облыс әкімі аппаратының басшысы:

- Бұл ең алдымен, жастарды туған мәдениеті мен тарихын сандық технологиялар арқылы білуге баулиды. Цифрландырылған мұражайдағы мәліметтер үнемі жаңартылып тұрады. Осыған қатысты контентті кейінгі буын өкілдері де жасай алады.