Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты

Абай облысында келісімшарт арқылы әскери міндетін атқарып жүрген сарбаз қаза тапты. 

Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиға әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан болған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазір оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Осы жағдайға байланысты Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.