Ford алты жүз мыңнан астам көлігін кері қайтарады
«Форд Мотор» ((Ford Motor)) компаниясы АҚШ-та 600 мыңнан астам көлікті кері қайтарады.
Бұған "терезе сүрткіш тетігінің істен шығуы себеп. Ақау айналаны көру мүмкіндігін төмендетіп, жол апатына, тіпті адам өліміне апаруы мүмкін деген қауіп жоғары. Бұл туралы АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық әкімшілік ескертті. Ақаулы модельдер тізімінде 2020-2022 жылдары шыққан Эксплорер, Эскейп, Линкольн Эвиэйтор мен Линкольн Корсэр (( Explorer, Escape, Lincoln Aviator и Lincoln Corsair )) бар. Дилерлер ақауды тексеріп, қажет жағдайда бұзылған бөлшекті ақысыз ауыстырып береді.