М. Әшімбаев: Білім ел дамуына бағытталуы керек

Ел дамуы жолында білім мен білікті тиімді пайдалану аса маңызды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Талдау мектебінің бесінші легін қорытындылады.

Жоба палата жанындағы Сарапшылар клубының бастамасымен қолға алынған. Онда мамандар мемлекеттік басқарудың тиімді парадигмасы тақырыбында дәрістер тыңдап, ғылыми  жұмыстарын жүргізді. Бүгін түлектер зерттеулерін қорғады. Жиынды қорытындылаған Мәулен Әшімбаев алған білімді дұрыс пайдаланып, оны Қазақстанның игілігі жолына бағыттаудың маңызына тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Жеке даму барысында қалыптасқан барлық дағдыларды ізгі мақсаттарға жұмсау өте маңызды. Оларды елдің дамуына, қоғамның өмір сапасын жақсартуға, оң өзгерістердің бастамашысы болуға бағыттау қажет. Баршамыз бірігіп, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясаты аясында топтасып, Әділетті, инновациялық әрі демократиялық Қазақстан құру ісіне қолдау көрсетуіміз керек. Яғни біздің барлық біліміміз бен кәсіби біліктілігіміз дәл осы мақсатқа қызмет етуге тиіс.