«Сымбат» сән академиясының негізін қалаушы индустрияның дамуына үлес қосып келеді

Елдегі сән әлемінің көшбасшысы.

«Сымбат» сән академиясының негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыркүл Асанованы әріптестері осылай дейді. Ол 60 жылдан астам ғұмырын отандық сән индустриясының дамуына арнап келеді. Оны көпшілік «Сымбат» деп те айтады. Себебі осы оқу орнында табан аудармастан еңбек еткеніне 40 жылға жуықтаған. Зейнетке шықса да сүйікті ісінен ажырамаған. 

Сабыркүл Асанова 13 жасында кесте тігіп, шілтер тоқып, тері илеген. Анасы ойын-өнер емес. Оның орнына іс тігіп  үйрен деп кішкентайынан ісмерлікке баулыған. Мектепті үздік бітіреді. Білім қуып,  Мәскеу тоқыма институтына түседі. Қазақ қызы сондағы фабрикада тәжірибе жинақтап, бас инженерге дейін өседі, Кейін шақыртумен елге қайтады. Туған жерге келген соң жеңіл өнеркәсіп пен халыққа қызмет көрсету саласынының дамуына атсалысады. 1990 жылы «Сымбат» сән  орталығының  директоры болып тағайындалады. Айтуынша, бар ғұмыры сән әлемімен байланысты.

Сабыркүл Асанова, сәнгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазақстандағы мода соңғы 35 жыл менімен бірге дамыды ғой деп ойлаймын. Сол моданы дамытудың көбісі айтады негізін қалаушы деп айтады. Ол уақытта бір ғана центр болатын бүкіл 47 үлкен-үлкен комбинаттар бар 400 мың жұмыскер бар олардың барлығымен біз партнероства жұмыс жасап отырдық. Біз үлгі жасаймыз документация жасаймыз и производствоға ендіретінбіз.

Сабыркүл Жайлаубекқызы банкроттыққа ұшыраған орталықты, табысты мекемеге айналдырды. Кейін нарық жағдайына бейімдеп, өздеріне мамандар дайындайтын колледждің құрылуына себепкер болды. Осыдан екі жыл бұрын 80 жылдық мерейтойына орай өзінің атымен шығармашылық студия ашты. Оның бастамасымен  сән индустриясындағы алғашқы оқулықтар жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің сөздігі мен әдістемелік құралдар шықты. 

Сабыркүл Асанова, сәнгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Оқулықтардың барлығы қолмен жазылған болса осы соңғы жылдары сандық цифрлық жүйеге түсіріп, жасанды интеллектпен шығарып келе жатырмыз. Қазір сол қазақтың ұлттық ою-өрнектерін цифрлық палтформаға өткізу сондай жұмыс жасап жатырмыз. 

Сәнгер жұмыс істей жүріп білім алуын тоқтатқан емес. Экономика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, үш бірдей академияның академигі атанды. Ұлттық киімдерді жаңғыртуға қатысты зерттеу жүргізіп, монография шығарды. 

Қыдыр Айтөленова, колледж оқытушысы:

- Сабыркүл Жайлаубекқызы ұлттық сән өнерінің Қазақстанда тұңғыш негізін қалаған ғалым әрі көшбасшы деп айтуға болады. Дизайн технология инстутының кафедрасында орындалған жұмыстар негізінен ғылыми жұмысының қазақтың ұлттық костюмдерін инженерлік есептеулерді қолдану арқылы еңбектері 24 оқулық болып 2024 жылы баспадан шықты.

Қазір академия жанындағы цехта мектеп формасы, әскери киімдер және қазақтың ұлттық киімдері тігіледі. Бұдан былай да Сабыркүл Асанова басқаратын ұжым киім үлгісінде  ұлттық стиль мен мәдени кодты қалыптастыруды жалғастырады. Айта кетейік, ол 1988 жылдан бері Париж бен Миланда қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісінің көрсетілімін ұйымдастырып келеді.      

Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев