8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Халықаралық әйелдер күні.

 Бұл нәзік жандылардың қоғамдағы ролі мен еңбегін дәріптейтін ерекше мереке. Қазір елде 10,5 миллионға жуық қыз-келіншек бар. Олар білім, медицина, ғылым, бизнес, мәдениет және мемлекеттік қызмет сынды салаларда табысты қызмет етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүр. Арулардың басым бөлігі қалада өмір сүреді. Ал 36 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Әйел саны жөнінен Алматы бірінші тұр. Сосын Түркістан облысы. Алғашқы үштікте Астана қаласы бар. Бұл күннің тарихы ХХ ғасырдан бастау алады. 1975 жыл Халықаралық әйелдер жылы деп жарияланған болатын. Сол кезден бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы 8 наурызды ресми түрде атап өте бастады. Қазақ жұрты да бұл күнді бар сән-салтанатымен қарсы алады.