Былтыр 20 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген

Бұл көрсеткіш Павлодар мен Қостанай сияқты екі бірдей облыс орталығының жалпы тұрғын үй қорынан асып түседі. 

Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, азаматтарға 8 мыңға жуық қоныс жалға берілді. Оған қоса 11 мыңнан астам тұрғын жеңілдетілген ипотекалық қарыз алды. Баспана базынасына айналғандардың мәселесі де шешіліп жатыр. 15 мыңға жуық жалға берілетін пәтер кезекте тұрғандарға сатып алынды. Бұған 218 млрд теңге жұмсалды. Ал «несиелік тұрғын үй» желісі бойынша 14 мың пәтерге 140 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, бұрын «сатып алу құқығынсыз» берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығы берілді. Бұл мүмкіндікті 15 мыңнан астам азамат пайдаланды. Сондай-ақ 11 мыңнан астам адам жалдау ақысының бір бөлігіне субсидияларды пайдаланды, бұл мақсаттарға 7,6 млрд теңге бөлінді.