Зейнетақы қаржысын емге жұмсау мүмкіндігі беріледі 

Зейнетақы қорындағы шекті сомадан артылған ақшаны қайта емге жұмсауға болады. Бұл туралы «Отбасы банк» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова үкіметтегі брифинг кезінде мәлімдеді. 

Оның айтуынша, банк бүгінде зейнетақы қаржысын ем-домға, оның ішінде тіс емдеуге жарату мүмкіндігін қайта қарап жатыр. «Қордағы қаражатты белгіленген мақсатқа жұмсамаған халықтың 10 пайызына бола қалған 90 пайызының зардап шегуі әділ емес. Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін бұл процесті біріздендіреміз», - деді Ләззат Ибрагимова. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе, ақпараттық жүйелерді интеграциясы жүргізілмек. Осы жүйеге ем жасайтын барлық клиникалар мен стоматолгиялық емханалар енгізіледі. Нәтижесінде атқарылған жұмыс туралы актілер онлайн жасалатын болады.