Молл Aport: Сауда жасап, көлік ұтып ал
Орталық Азиядағы ең ірі Aport East және Aport West моллдары Халықаралық әйелдер күнін ерекше атап өтті.
Мерекеге орай қонақтарға үш күндік бағдалама дайындалып, 7-9 наурыз аралығында сәнқой қыз-келіншектерге арналған түрлі іс-шаралар өтті. Келушілер мерекелік көңіл-күйге бөленіп, жеңілдікпен сауда жасап, отбасылық ойын-сауықтарға қатысты.
Aport East Mall-да өткен мерекенің ең танымал алаңдарының бірі Letoile бренді ұйымдастырған бьюти-аймақ болды. Мұнда кәсіби визажистер мен стилистер қонақтарға мерекелік образ жасауға көмектесті. Ал келушілер жақындарына сыйлық таңдап, өздерін де жаңа заттармен қуантты.
Эльвира Өкілбай, Алматы қаласының тұрғыны:
- Анамның қалауы көбінесе осы ароматтар болатын. Қарап жүріп әйтеуір бір «Шанельді» сатып алдым.
Осы күндері дүкендердің өзінде де нағыз мерекелік қарбалас байқалды. Mall қонақтары аналарына, әпке-сіңлілеріне және сүйіктілеріне сыйлықтарды белсенді түрде сатып алып, ал кеңесшілер оларға ең қолайлы нұсқаларды таңдауға көмектесті.
Жанар Жалынбетова, Letoile сату кеңесшісі:
- Әйеліме немесе анама қайсысы ұнайды деп көп сыйлық алып жатырмын. Негізі бүгінгі көңіл күй өте керемет.
Шопингтен бөлек, қонақтарға мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Моллдарда Aport брендтерінің көктем-жаз маусымына арналған жаңа топтамаларының көрсетілімі өтті. Ал балалар үшін шеберлік сабақтары, аниматорлар шоуы, сабын көпіршіктері шоуы және күміс дискотека ұйымдастырылды.
Александр Ким, Aport Mall PR-менеджері:
- Біз сүйікті ханымдарымызға да, балаларға да, жалпы бүкіл отбасыға арналған тосынсыйлар дайындадық. Мұнда жақсылап шопинг жасап, демалып, көңіл көтеруге болады. Біздің ойын-сауық парктеріміз, аквапарктеріміз, кинотеатрларымыз бар.
Мерекелік күндер тағы бір ауқымды науқанның басталуына түрткі болды. Бүгіннен бастап моллдарда Kia Soluto автокөлігінің ұтыс ойыны басталды. Акция 30 тамызға дейін жалғасады. Оған әрбір келуші қатысып, жаңа автокөліктің иесі атануға мүмкіндік ала алады.
Авторлары: Ернұр Рысбай, Радик Жакупов