Жайдарлы жастар - жарқын болашақ

Қарағандыда жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен тұжырымдамалық өзгерістері жастарға ерекше форматта түсіндірілді.

Қазақстан Халық партиясы мен КВН Одағы бірлесіп «Offline--Online: шынайы және әлеуметтік желі арасындағы өмір» атты республикалық жарыс ұйымдастырды. Шараға Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарындағы колледждер мен жоғары оқу орындарынан 9 қыздар командасы қатысты. Қатысушылар сахналық көріністер арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер креативті жастардың бір-бірімен араласуына, өзін-өзі дамытуына және шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Көңілді кеш барысында жаңа Конституция жобасындағы нормалардың маңызы кеңінен түсіндірілді.

Халел Мақсұтов, Қазақстан халық партиясы филиалының төрағасы:

- Мына жаңа Конституциямыздың преамбуласының өзінде де жазылған білім, ғылым, инновация, мәдениет. Осы салада біздің жастарымыздың бағыт-бағдары қай жаққа қарай екенін анықтап білу. Бұл жерде енді референдумның қазақ еліне не әкелетіндігі, оған жастар қалай қатысуы керек, ол референдумда қандай мәселе көтеріліп тұр, бұл енді Ата заң деген құжат барлығымызға керек құжат.