Әділетті Ата заң – қуатты мемлекет
Көкшетау қаласында «Әділетті Ата Заң – қуатты мемлекет» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға білім саласының 500-ге жуық өкілі қатысты. Басқосуда жергілікті ұстаздар жаңа Конституция жобасында жастардың сапалы білім алып, мамандық таңдау еркін-дігіне ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл жастардың интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Кездесуде қатысушылар жаңа Ата Заң жобасын талқылап, студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында конституциялық құндылықтарды нығайту, әділетті қоғам құру және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мәселелері де сөз болды.
Элеонора Далабаева, студент:
- Мен жаңа Конституция жобасын нақты оқып, сараптама жүргізіп шықтым. Оның ішіндегі құндылықтар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Біз үшін, жастар үшін осы жаңа Конституцияны қолдау, тек оны қолдап қана қоймай, біздің болашағымызды ойлап, оны ескеруге бағытталған құжаттардың бірі ретінде санаймыз.
Алтынбек Дағыстан, Ұрымқай орта мектебінің директоры:
- Білім мен ғылымға маңызды басымдылық беру арқылы Қазақстан Республикасының әрбір азаматына сапалы, әрі қолжетімді біліммен қамту туралы кеңірек айтылған. Бұл мен үшін үлкен бастама деп ойлаймын.