Ақмола облысында 178 шаруаның құқығы қорғалды
Олар өзіне тиесілі субсидияны екі жыл бойы ала алмаған. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары тыңайтқышқа бөлінген қаржыны уақытында бермеген.
«Себебі шаруалар өтінімді дұрыс рәсімдемеген», - дейді. Алайда жауаптылар бұл туралы өтінім иелеріне дер кезінде хабарламаған. Сөйтіп, шаруалар тыңайтқышсыз қалды. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары араласқаннан кейін, мәселе шешімін тапты. Жалпы 418 млн теңге субсидия толығымен төленді.
Нұрсұлтан Шытырымбек, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:
- Департамент ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасына қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс еңгізген болатын. Осы ұсынысты орындау аясында шаруа қожалықтарына өтінімдерді қайта тапсыру мүмкіндігі беріліп, кейін олар төлену үшін резевке қойылып, ағымдағы жылы 418 млн.теңге көлемінде субсидия алды.