Smart Bridge цифрландыруды жеделдетеді

Бұдан былай елдегі ақпараттық жүйелердің интеграциясына бір ай ғана уақыт кетеді. Бұрын жүйелерді өзара ықпалдастыруға жарты жылдай жұмсалатын. 

Smart Bridge платформасында цифрлық сервистердің ашық экожүйесі қалыптасады. Ол мемлекеттік ақпарат жүйелері мен бизнеске қажетті деректерді өзара қауіпсіз алмасуына мүмкіндік береді. Платформадағы мәліметтерге қол жеткізу үшін арнайы форма толтыру керек. Smart Bridge-ді одан әрі жетілдірсе, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді жеделдетіп алатын болады.

Жазира Жүнісова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобасының үйлестірушісі:
- Мемлекеттік деректер қорлары және сервистерімен атқаратын жұмысымыз біршама жеңілдеді. Қызметтің қай түрі болмасын мемлекетіміз оған жүгіну жолдарын  оңтайландырған. Сондай жарқын мысалдардың бірі: екінші деңгейлі банктер арқылы кез келген мемлекеттік қызметке еш қиындықсыз қол жеткізуге болады. Көлікті қайта тіркеу, анықтамаларды алу, лицензияға қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу – міне, бұның бәрі Smart Bridge платформасының игілігі
.

Smart Bridge платформасында бүгінге дейін 11 мың 377 ұйым тіркелген және 2953 сервис жарияланған. Олардың ішінде – 2091-і мемлекеттік, ал 862-сі мемлекеттік емес сервистер. Платформа арқылы 4671 интеграция жүзеге асты. Олардың қатарында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл, бизнестің мемлекеттік сервистерге қосылуы, сондай-ақ жеке платформалар арасындағы интеграциялар бар.