СҚО-да бораннан 58 адам құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 58 адам құтқарылды. Оның 10-ы бала.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар қызметкерлері аяғы ауыр екі әйелді перхентханаға жеткізді. Өңірде өткен тәулікте ауа райы күрт бұзылып, қарлы боран соқты. Осыған байланысты барлық бағыттағы жол жабылды. Бірақ кейбір жүргізушілер ескертуді елемей, діттеген жеріне жете алмай қалған. Олардың бәрі қалың қардан шығарылып, жылыту орындарына жайғастырылды. Одан бөлек Айыртау, Ғабит Мүсірепов және Есіл аудандарында екі жарым мың абонент электр жарығынсыз қалды.

Дәурен Таубаев, ТЖД Басқармасының бастығы:

- Түн ішінде Ғабит Мүсірепов және Есіл аудандарында 345 абоненттің электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 2210 абонент электр қуатынсыз қалып отыр. Қазіргі таңда тиісінше мекемелермен осы электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.