Ел бюджетінің 50% әлеуметтік салаға тиесілі

Бүгінде қазына қаржысының 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға тиесілі.

Ал адам капиталын дамытуға арналған инвестиция көлемі жыл сайын шамамен бір триллион теңгеге өсуде. Мемлекет басшысы Мәслихаттар форумында осылай деп мәлімдеді. Президент ауқымды әлеуметтік қамқорлыққа, соның ішінде, мемлекет тарапынан ата-аналарды жан-жақты қолдаудың маңызына тоқталды. Қазір бұл мақсатта түрлі жәрдемақылар мен жеңілдіктер қарастырылған. Аналарға жұмыс орнын сақтай отырып, үш жылға дейін еңбек демалысын алуға мүмкіндік бар. Ал «Ұлттық қор балаларға» жобасы бойынша бүгінге дейін 18 жасқа толмаған 7 миллионға жуық баланың арнайы есепшотына 2 жарым миллиард доллардан астам қаржы аударылды.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Елімізде өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75,9 жасқа жетті. Бұл осы аймақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. 2023 жылдан бері ана өлімі 35 пайызға азайды. Ал сәби өлімі 20 пайызға қысқарып, тарихи тұрғыдан ең төмен деңгейге түсті.

Соңғы жеті жылда 1259 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысан бой көтерді. Менің тапсырмаммен 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Соның аясында жыл сайынғы бөлінетін квота саны 7 есе артты (яғни 1 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді. Бүгінде 11 мыңнан астам сәби осы ЭКО тәсілімен дүниеге келді."