«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 7 млн баланың құқығын қорғайды
Биыл елде алғаш рет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілгені белгілі.
2026-2030 жылдарға арналған бағдарлама балалық шаққа қатысты мемлекеттік саясаттың бірыңғай стратегиялық құжаты саналады. Ол 7 млн жуық бүлдіршіннің құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталып отыр. Балалар жалпы халық санының 34 пайызын құрайды. Кейінгі 10 жылда бала саны 1,5 млн-ға артты. Демографиялық өсім олардың қауіпсіздігін, денсаулығын, білім алу мүмкіндігін, отбасылық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды көрсетіп отыр.
Юлия Овечкина, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
- 2030 жылға дейін тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін 158 іс-шара өткізу жоспарланған. Өңірлерде балалардың жолақысын тегін қылу, балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту, жол мен су қоймаларының және терезелердің қауіпсіздігі сияқты жұмыстар күшейтіледі. Ерекше балаларға арналған түзету орталықтарын салу, ауруханаларды жаңарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту жоспарда бар.