Халықаралық сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады

Жаңа Конституция жобасы - азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі. Оның ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы.

Бұл туралы бүгін халықаралық сарапшы Уэсли Александр Хилл Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған аналитикалық баяндама жобасында осылай деді. Жиынға саясат, мемлекеттік басқару және сөз бостандығы салаларындағы халықаралық сарапшылар қатысты. Отырыста бірпалаталы парламентке көшу, Халық кеңесін құру және вице-президент лауазымын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Уэсли Александр Хилл, Халықаралық сарапшы:

- Конституциялық тұрақтылық экономикадағы саяси тәуекелдің негізі болып саналады. Егер елде тұрақты конституция бар болса және шетелдік инвесторлар болашақта не болатынына сенімді болса, инвестиция тарту ықтималдығы жоғары болады. Бұл ішкі саяси тыныштықтың да негізі. Егер халық Үкімет институттарына сенсе әртүрлі жағымды нәтижелерге қол жеткізу оңай болады.