Елде 30 мыңнан астам отбасы АӘК алды
30 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бас-аяғы 163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге қаржы берілген.
Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары мәлімдеді. Айтайық, биыл мұндай мемлекет мезіретіне бюджеттен барлығы 62,7 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
163,3 мың адам - ₸5,2 млрд 2026 жылы - ₸62,7 млрд