Былтыр 1 млн тонна бұршақ дақылы жиналды
Бес жылдың бедерінде бұршақ дақылдарының өндірісі бес есе өсті. Былтыр дихандар 1 млн тонна өнім алған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Ал 2024 жылмен салыстырғанда өнімділік көлемі 1,5 есеге көп. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Ең өнімді дақылдардың көшін қызыл бұршақ бастайды. 2025 жылы егіншілер 775 мың тонна бұршақ алды. Сол секілді, жасымық пен жасыл бұршаққа да сұраныс жоғары. Айталық, өнімдердің дені Ресей, Ауғанстан мен Пәкістан елдеріне экспортталады.
2025 жыл - 998,4 мың тонна
Қызыл бұршақ - 775,5 мың тонна
Жасымық - 196,4 мың тонна
Жасыл бұршақ - 2,5 мың тонна