Қазақстанның экспорттық мұнайы зардап шекпеді

Новороссийск акваториясында орын алған оқыс оқиғадан Қазақстан зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді. 

Мемлекеттік органның мәліметінше, оқиға кезінде «Maran Homer» танкерінде елімізге тиесілі мұнай болмаған. Осыған байланысты Қазақстанның экспорттық мұнайына қатысты шығын тіркелген жоқ делінген хабарламада.