Астанада қоғамдық көлік тегін қатынайды

Бүгіндікке елордада қоғамдық көлік тегін қатынайды.

Автобустар қала іші, экспресс және қала маңы бағдарларында сағат 06:00-ден 11:00-ге дейін жүреді. «Бұл шара қала тұрғындарының дауыс беру учаскелеріне кедергісіз барып, емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында қолға алынды», - деп хабарлайды қалалық әкімдік.