Алматыда дауыс беру басталды. Live
Біз қазір Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі № 378 референдум учаскесінде тұрмыз.
Бұл учаске туралы сәлден кейін толықтырып айтамын. Бірінші сіздің сұрағыңызға жауап берсем, қалада 10 рефрендум учаскесінің жұмысы бір сағат бұрын, яғни 06:00-ден басталды. Олар әскери бөлімдер, санаторий, емдеу мекемелері, тергеу және уақытша ұстау изоляторларында орналасқан. Енді біз тікелей эфирге шығып тұрған референдум учаскесіне оралсақ. Мұндағы комиссияның мәліметі бойынша, Абай, Достық, Назарбаев даңғылы мен Сәтпаев көшесіндегі бізге жақын 23 үйдің тұрғындары осында таңдау жасайды. Референдум учаскесіндегі тәртіпті тәуелсіз байқаушы қадағалап отыр. Ал менің жанымда осы референдум учаскесінің төрағасы Асима Ералиева тұр. Асима ханым айтыңызшы, осы учаскеде қанша тұрғын тіркелген? Ең жас немесе ең қарт дауыс берушілер бар ма?