Қостанайдағы дауыс беру учаскесі цифрлық технологиямен жабдықталған. Live

Елдің бірқатар өңірінде пилоттық жоба ретінде мүгедектігі бар адамдарға дауыс берудің инновациялық тәсілі енгізілді.

Есту, көру қабілеті нашар жандар үшін цифрлық технологияға негізделген арнайы бұрыштар жабдықталды. Сондай электронды құрылғылармен қамтылған дауыс беру учаскелердің бірі - Қостанай қаласында.

Мүгедектігі бар адамдардың  дауыс беруіне арналған инновациялық пилоттық жоба еліміздегі санаулы учаскелерде еңгізілді. Қазір мен тұрған Қостанайдағы №21 учаскеде сондай цифрлық технологиялармен жабдықталған. Кіреберісте электронды дыбыс бергіш аппараты орнатылған. Одан кейін көру қабылеті нашар жандарға бағыт-бағдар беретін  Брайль қарпімен жасалған трафереттер, аудио-нұсқаулықтар қойылған. Мына бұрышта үлкейткіш әйнек, қосымша жарық көздері, дыбыс ұлғайтқыш қондырғылар қосылған компютерден қазақ және орыс тілдерінде Конституция жобасы жайлы қажетті ақпарат алуға болады. Дауыс беру кабинасында да дыбыстық қондырғы бар. Шымылдығын ашсаң болды, сөйлеп қоя береді. 

Гүлбану Таткенова, учаскелік референдум комиссиясының мүшесі:

- Оларға қосымша қолдау шаралары қарастырылғаны жөнінде толық айта аламыз. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қызметі мен сурдоаудармашылардың көмегі ұсынылады. Келе алмайтындарға үйлеріне барамыз. Біздің учаскеде  мүгедектігі бар 21 азамат тіркелген. Солардың барлығына рефендумға қатысып, Конституциялық құқығын пайдалануға инклюзивті, қолайлы орта жасалған.

Бұл учаскеде дауыс беру құқығына ие 2356 адам тіркелген.