Сенат төрағасы өз таңдауын жасады

Референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Палата спикері Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. Сонымен қатар саяси науқанның тарихи мән-маңызына тоқталып, азаматтық белсенділік айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Өте жауапты күн. Республикалық референдумға жаңа Конституциямыздың жобасы шығарылып отыр. Өздеріңіз білесіздер, биліктің бастауы – халық. Сол себепті бүгін азаматтарымызға осы құқықтарын жүзеге амсыруға бір жағынан, екінші жағынан мемлекетіміздің стратегиялық дамуына қатысты өздерінің пікірлерін білдіруге мүмкіндікер бар. Сондай-ақ бүгін біз Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылуының тағы бір көрінісін көріп отырмыз. Сол себепті бүгін барлық қазақстандықты сайлау учаскелеріне келіп, еліміз үшін маңызды кезеңде еліміздің болашағына бейжай қарамай, дауыс беруге шақырамыз. Әрбір дауыс маңызды және бұл жоғары азаматтық белсенділіктің көрінісі. Сол себепті бәріміз бір үйдің баласындай референдумға қатысып, елдің болашағына қатысты пікірімізді білдіру - біздің дамыған мемлекет екенімізді көрсететін нышан.