Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. Live

Дауыс беру барысын 2,5 мыңнан астам байқаушы қадағалап отыр. Олардың барлығы құқықтық сауаттылық бойынша арнайы оқытудан өткен.

Байқаушылардың болуы әрине, дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін арттырады. 

Алматыда дауыс беруге келген адамдардың көптігін айта кету керек. Бірақ ешқандай кідіріс жоқ. Учаскелерде бірнеше тіркеу үстелі ұйымдастырылған. Айта кету керек, референдум Наурыз меркесі қарсаңында өтуде. Сондықтан мерекелік көңіл күйді аңғару қиын емес. Айтпақшы, учаскелерде тақырыптық фото аймақ дайындалған. Яғни тарихи сәтке үн қосқан әр азаматтың естелік ретінде суретке түсуге мүмкіндік бар. Ең бастысы қаладағы барлық учаскелерде дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар тұрғындар үшін «Инватакси» қызметі жұмыс істеуде. Бүгін 170 автокөлік адамдарды учаскелерге тегін жеткізеді. Сонымен қатар комиссияға үйде дауыс беретін азаматтардан шамамен 1600 өтініш түскен. Ал көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін бюллетеньдерге арналған Брайль қарпімен жазылған арнайы трафареттер дайындалды. Сонымен қатар учаскелерде онлайн сурдоаудармашылар есту қабілеті бұзылған азаматтарға қажетті ақпарат алуға көмектеседі.

Қосымша айта кетейін, бүгін Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті - автобустарды, троллейбустарды және метрополитенді тегін пайдалана алады. Әрине, қоғамдық көлікпен жүретін мен де бүгін таңертең осы мүмкіндікті пайдаландым. Біздің түсіру тобымыз республикалық референдумның өту барысын әрі қарай да бақылап, келесі шығарылымдарда жаңа ақпаратпен бөлісетін боламыз.