Әзербайжан делегациясы референдум барысын байқап жүр

20 адамнан құралған Әзербайжан делегациясы елдегі референдумның өту барысын бақылап жүр.

Делегация құрамында Әзербайжан парламенті, орталық сайлау комисссиясы мен Қазақстандағы елшілік өкілдері бар. Олар түске дейін 50-ге тарта дауыс беру учаскесін аралап үлгерген. Әзербайжандық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов Қазақстандағы барлық дауыс беру процесіне қатысып келе жатыр. Оның айтуынша, әр келген сайын адамдардың азаматтық жауапкершілігіне куә болады. Орталық комиссиядан бастап, оның құрамындағы 71 мыңға жуық мүшесінің түгелі кәсіби маманданғаны көрініп тұр.  Референдум комиссиясы дамыған елдерде қолданатын әдіс-тәсілді меңгерген, мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті жағдай жасалған. дейді Мазаир Панахов.

Мазаир Панахов, Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Мені әсіресе таңғалдырғаны әр учаскеде аудио жүйе орнатылған екен. Толыққанды ақпаратқа қол жеткіземін деушілер немесе қандай да бір сауалға жауап тапқысы келетін жандар сол аудио жүйенің көмегімен мағлұмат ала алады. Бұл меніңше ең үздік жетістік.