Халықтың 51,93%-ы дауыс берді. Live

Сағат түскі 14:00-ге дейін ел азаматтарының 51,93 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық референдум комссиясы хабарлады.

Осыдан үш сағат бұрын дауыс берген өңірлердің басын Ақтөбе облысы бастап тұрғанын айтқан едік. Алайда сағат 14:00-де бұл көрсеткіш тағы өзгерді. Соңғы санайғақ бойынша түске дейін бірінші орында тұрған Ақтөбе облысы қазір екінші орында! Ал көш басында бұл жолы Қызылорда облысы бастап келе жатыр. Сыр елінің 64,6 пайызы өз таңдауын жасап үлгеріпті. Ал ең белсенді үш өңірдің бірі бұл Абай облысы. Халықтың 61 пайызы дауыс берді. Одан соң тізімді Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан облысы толықтырып тұр.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

Астана қаласы 40,68%

Алматы қаласы  21,68%

Шымкент қаласы  58,24%.

Осылайша, Орталық референдум комиссиясының сағат 14:00-дегі дерегі бойынша Қазақстан халқының 6 471 378-і өз таңдауын жасаған екен. Бұл дауыс беру құқығына ие азаматтардың 51,9 пайызы.  Еске салсақ, Референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституцилық заңына бар. Онда егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналатыны жазылған.