Халықаралық байқаушылар референдум барысына оң баға берді
Республикалық референдум нағыз мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр.
Беларусьтен келген байқаушы Ольга Дорошенко осылай деп, отандастарымыздың белсенділігін жоғары бағалады. Әсіресе науқанға бағаларын ертіп, жанұясымен жиналған азаматтардың көп екенін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, учаскелердің біркелкі әрі тартымды безендірілгенін жеткізіп, комиссия мүшелерінің ашықтығына ерекше тоқталды. Халықаралық сарапшының пікірінше, елдегі референдумде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған.
Ольга Дорошенко, Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Мүмкіндігі шектеулі жандар кедергісіз дауыс беруде. Арнайы кабиналар мен көзі нашар көретін азаматтар үшін Брайль шрифті қарастырылған. Оған қоса мұндай азаматтарға комиссия мүшелері қолдау көрсетіп, көмектесіп жатқаны қуантады.