Шымкентте саяси науқанды мыңнан астам байқаушы бақылайды

Шымкентте саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін қадағалау мақсатында мыңнан астам байқаушы жұмыс істеп жатыр. Олар учаскелерде дауыс беру барысын, заңдылықтың сақталуын бақылауда ұстайды.

Құқықбұзушылық пен даулы жағдайға қатысты ресми хаттамалар толтырып, тиісті органдарға дереу хабар береді. Бұл бастама халықтың сайлау нәтижелеріне деген сенімін арттырып, саяси шараның халықаралық стандарттарға сай өтуіне септігін тигізеді. Филиал төрағасының айтуынша, учаскелер бекітілген талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Байқаушылар тобының жұмысы науқан аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Ролан Қонысбеков, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы қалалық филиалының төрағасы:

- Төрт ұйымның атынан 341 сайлау учаскесіне 1364 адам дайындадық. Олардың бәрі арнайы оқудан өтті. Семинар тренингтерде болды. Әсіресі көбісі тәжірибесі бар азаматтар. Біздің басты жұмысымыз күн ұзаққа ақпараттар жинақтаймыз. Әрбір сағат сайын алып отыратын ақпараттарымыз бар. Әрбір 10-12 сайлау учасскесіне капитан кординатор бекітілген.