Академик Асқар Жұмаділдаев дауыс берді

Қазақстанның Еңбек ері, академик Асқар Жұмаділдаев референдумда дауыс берді.

Ғалымның пікірінше бұл саяси науқан ел үшін аса маңызды. Референдум - республика тұрғындарының өз ұстанымын айғақтауы. Академик дауыс берген учаскеге қала тұрғындары мен жастар да көп жиналды. Алматы жастары «Мен референдумға барамын» онлайн челленджін белсенді қолдап отыр. Студенттер, еріктілер және әлеуметтік желі қолданушылары дауыс беру учаскелерінен қысқа бейнежазбалар, стористер мен жазбалар жариялап жатыр. 

Асқар Жұмаділдаев, Қазақстанның Еңбек ері, академик:

- Референдум деген халықтың пікірін білдірудің ең жоғарғы шыңы ғой. Өйткені халықтың бәрі тікелей дауыс береді. Ешқандай делдалсыз, сол себепті әрине, бұның маңызы өте жоғары. Мысалы, соңғы референдум атом электр станциясы болса, қазір кКонституция. Конституцияның маңызы, атом электр станциясы маңызынан артық болмаса, ешқандай кем емес.

Жан Марасулов, қала тұрғыны:

- Біз Қазақстан азаматымыз ғой. Сол үшін келдік, қатыстық. Біз енді бас қостық. Міне, балалармен келдік. Халық енді келіп, өзінің болашағын дауыспен таңдап жатыр ғой.