Дауыс берушілердің белсенділігі
Cонымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 млн 029 мың 286 азамат дауыс беру бюллетенін алды.
Бұл тізімге енгендердің 64,43 пайызы. Әзірге Қызылорда облысы көш бастап тұр. Онда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 82,02 % өз таңдауын жасаған. Одан кейін Шығыс Қазақстан белсенді. Көрсеткіш - 78,98 %. Үздік үштікті Ақтөбе облысы түйіндейді. Мұнда азаматтардың 77,65 % референдумға қатысты. Әзірге Алматы тұрғындарының ғана белсенділігі төмендеу. Халықтың 28,16 % өз таңдауын жасады. Атап өтейін азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды. Жалпы дауыс беру тізіміне 12 млн 461 мың 796 азамат енгізілді. Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.